Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

"Бала құқығы – адам құқығы" республикалық айлығы және "Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқаны шеңберінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық проблемасына оқушылардың, ата-аналар мен педагогтардың назарын аудару, балаларға қатысты қатыгез қарым-қатынасқа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ҮЕҰ, құқық қорғау органдарымен бірлесіп құқық бұзушылықтардың, зорлық-зомбылықтың профилактикасына бағытталған профилактикалық іс-шаралар өтті.

«Балалардың құқықтары және олардың Қазақстан Республикасындағы міндеттері», «Отбасы институты және оның Қазақстандағы құндылықтары», «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында сынып сағаттары, «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында ата-аналар жиналыстары, «Балалардың құқықтары мен міндеттері», балалардың құқықтарын сақтау мәселелері бойынша дебаттар, тәуліктің кешкі уақытындағы рейдтік іс-шаралар өткізілді.

9-11 сынып оқушылары арасында мектептерде «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?», бастауыш мектеп оқушылары арасында «Әр баланың құқығы бар» суреттер байқауы өтті.

«Адал ұрпақ» клубының мүшелері 7-9 сынып оқушыларымен «Мен Заң туралы, Заң мен туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, онда бала құқықтары туралы сөз қозғады және бүгінгі күні адалдық, парасаттылық, құрмет және жауапкершілік сияқты қасиеттердің болуы қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері оқушылардың ақпараттылығы мен құқықтық сауаттылығын арттыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бір – біріне толерантты қарым-қатынасқа, балаларға қатысты қатыгездікке төзбеуге бағытталған «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу», «Балалардың құқықтары-мемлекеттің қамқорлығы» тақырыптарында оқушылармен, әлеуметтік педагогтармен, психологтармен семинарлар, сұхбаттар ұйымдастырды.

Мектеп оқушылары мен ата-аналар арасында қатыгездік пен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы брошюралар, жадынамалар, парақшалар, бейнероликтер таратылды.

Білім беру ұйымдарында қиын өмірлік жағдайларда көмек көрсететін қызметтер туралы ақпарат бар ақпараттық стендтер, балалар мен жасөспірімдерге арналған сенім телефондары орналастырылған.