
Ассоциация (латынша: assotiatio, associare – бірігу, серіктестікке кіру) – ортақ мақсат және өзара ынтымақтастық мақсатында біріккен бірнеше адамның ерікті одағы. Ассоциацияның қызметі – білім беру үрдісіндегі өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастыру, педагогтердің кәсіби өсуіне жағдай туғызу, озық педагогикалық тәжірибелерді тарату сияқты барлық басым бағыттарды қамтиды.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылғы 16 қараша күні қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ассоциация отырысын (ZOOM платформасында) өткізді.
Аталған шараға 100 педагог қатысты, олар - аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері және облыстық жалпы орта білім беру ұйымдарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері мен ассоциация жетекшілері.
Ассоциация отырысында:
Жиенбаева Дана Болатбековна, ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектеп»КММ, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Сабақты тиімді жоспарлау – сапалы білім берудің кепілі»;
Агыбаева Ғалия Мубараковна, Қаптағаева Шынар Болсынбековна, Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы. Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназиясы»КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білімдегі олқылықтар және оларды шешу жолдары»;
Какиланова Мейрамгуль Амангельдыевна, Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Мақаншы орта мектебі»КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Қазақ тілі сабағында тыңдалым, айтылым дағдыларын дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері»;
Нурхасимова Айгуль Қойшыбаевна, Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю. Гагарин атындағы орта мектебі»КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «PISA халықаралық деңгейіне негізделген тапсырмалар жүйесі» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Отырысқа қатысушыларға ҚР Білім және ғылым министрлігінің №472 бұйрығы негізінде ҚМЖ құрастыру, оқуды қолдайтын ресурстар мен күрделі оқу мақсаттарына тапсырма түрлерін әзірлеу жөнінде, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білімдегі олқылықтар және оларды шешу жолдарынан әдістемелік көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, қазақ тілі сабағында тыңдалым, айтылым дағдыларын дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерінен және PISA халықаралық деңгейіне негізделген тапсырмалар түрлерінен теориялық және практикалық жұмыстар көрсетілді.
Шара соңындағы кері байланыс кезінде қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауап қайтарылды.
Модератор: Оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері Сабиева Р.С.