
ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылдың 10-11 қараша аралығында «Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» республикалық байқауының облыстық кезеңі онлайн-режимде өтті.
Байқаудың мақсаты – «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру бойынша озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, өзін-өзі тану педагогтері еңбегінің беделін қолдау және арттыру.
Байқауға қалалық және аудандық кезеңдердің жеңімпаздары - білім беру ұйымдарының 19 өзін-өзі тану мұғалімі қатысты. Қатысушылар байқаудың жалпы ережесіне сәйкес жұмыс материалдарын ұсынды. Қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын құзыретті қазылар алқасы бағалады.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша:
І орын - Шотамбекова Гульфайраз Каримовна , ШҚО ББ Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «М. Хасенов атындағы Бестерек орта мектебі» КММ өзін-өзі тану мұғалімі;
ІІ орын- Алпысбаева Зауреш Есеновна, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ өзін-өзі тану мұғалімі;
ІІ орын – Живова Марина Владимировна, ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю.А. Гагарин атындағы №3 ЖББОМ» КММ өзін-өзі тану мұғалімі;
ІІІ орын – Шакиртова Маржан Сериккановна,ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ, өзін-өзі тану мұғалімі;
ІІІ орын – Ұлыбаева Ақмарал Отанғалиқызы, ШҚО ББ Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің «Георгиевка орта мектебі» КММ, өзін-өзі тану мұғалімі;
ІІІ орын – Мергазина Нургуль Муратовна, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Б. Ахметов атындағы орта мектебі» КММ өзін-өзі тану мұғалімі.
Байқаудың жеңімпазы Шотамбекова Гульфайраз Каримовна «Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» республикалық байқауына қатысуға жолдама берілді.
Жеңімпаздар білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және кәсіби табыс тілейміз!