
"Бала құқығы – адам құқығы" айлығы шеңберінде 2021 жылғы 8 қарашадан бастап облыстың білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту жөніндегі кеңестің отырыстары өтуде.
Отырыстарға мектеп психологы, білім бөлімдерінің, құқық қорғау органдарының өкілдері, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы, ата-аналар қоғамдастығы қатысты.
Оқушылардың сабақтан тыс жұмысы, қадағалаусыз қалудың, балалардың жарақаттануының, қорқытудың, кибербуллингтің алдын алу мәселелері қарастырылды. Мектеп әкімшілігі оқушылар арасында құқық бұзушылықтың, әлеуметтік көріністердің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан тәрбие жұмысына тоқталды.
Есепке тіркелген оқушылармен мектептегі және қоғамдық орындардағы қоғамға жат әрекеттердің алдын алуға бағытталған әңгіме жүргізіліп, ата-аналарға олардың заңды жауапкершіліктері ескертілді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, буллингтің, суицидтің, балаларға қатысты қатыгез қарым-қатынас пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмысты күшейту; мектеп әкімшілігі есепте тұрған және қатер тобындағы оқушыларды үйірмелер мен секцияларға тартуды қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.