
Өткізу күні: 2021 жылғы 1 қарашадан 10 желтоқсанға дейін
Өтетін орны: Республикамыздың жетекші колледждерінің базасындағы Құзыреттілік орталықтары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және «Talap» КЕАҚ 2021 жылғы 1 қарашадан 10 желтоқсанға дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау, Қостанай, Көкшетау, Өскемен және Семей қалаларында еліміздің 17 өңірінен 30 негізгі және серіктестердің алаңында 40-тан аса қосымша құзыреттіліктер бойынша 450-ден астам жас маманның (22 жасқа дейінгі) қатысуымен «WorldSkills Kazakhstan 2021» - VІ Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты өткізіледі. Байқауға қатысушыларды Қазақстанның барлық өңірінен 500-ге жуық сарапшы бағалайтын болады.
Аталған чемпионатқа Шығыс Қазақстан облысының командасы 53 құзыреттілік бойынша қатысады.
Шығыс Қазақстан облысында Республикалық чемпионат Құзыреттілік орталықтары мен жетекші колледждер базасында 6 құзыреттілік бойынша өткізіледі:
«WorldSkills Kazakhstan 2021» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына тартуға және елдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал етеді.
WorldSkills қозғалысы халықаралық деңгейдегі жаңа формациядағы маманды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Жастарды кәсіби бағдарлау мақсатында Чемпионатқа мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, еліміздің барлық аймақтарының кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптар қатысады.