
Бүгін, 2021 жылғы 8 қарашада, Семей қаласының Электротехникалық колледжі базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің инженерлік сала бойынша кәсіби шеберлік республикалық конкурсының 2-кезеңі басталды. Аталған Конкурс ШҚО білім басқармасымен, ШҚО кәсіптік білім беру орталығымен өткізілуде. Конкурс Ережесіне сәйкес қатысушылар 2, 3 Модуль тапсырмаларын орындайды.