
2021-2022 оқу жылының өзекті міндеттерінің бірі өткен оқу жылындағы білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және білімін толықтыру болып табылады. Бұл үрдіс әр мұғалім қызметінің ажырамас бөлігі болуы тиіс.
2021 жылы 5 қарашада Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы күзгі демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспары аясында білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жұмыстарын жүргізу сапасын арттыру мақсатында облыстық «Онлайн оқыту платформалары арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру» әдістемелік онлайн семинарын өткізді.
Онлайн семинарға облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері, қауымдастық жетекшілері, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері барлығы 100 адам қатысты.
Семинар барысында:
Бейсембинова Дана Даниашевна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№23 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі «Возможности онлайн-сервисов при восполнении пробелов знаний учащихся средних классов»;
Салахов Канагат Калелович, ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю.Гагарин атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі «Оқушы біліміндегі олқылықтарды жоюдағы педагогикалық сүйемелдеу және түзету» ;
Уалшаев Шаки Жаркенович, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі «Оқушы біліміндегі олқылықтарды толықтыру және жоюда қолданатын тиімді белсенді әдіс-тәсілдер»;
Смагулов Хаким Олжабаевич, ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Н.Островский атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы» КММ тарих пәні мұғалімі «Интерактивные приемы работы на уроках истории и права, в рамках устранения пробелов в знаниях» тақырыптарында тәжірибе бөлісіп, пән бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою барысында оқу бағдарламасы талаптарын орындау және оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру қажеттілігі атап өтілді.
Семинар соңында ұйымдастырылған кері байланыста қатысушылар өз тәжірибесімен бөліскен спикерлерге және ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ұсынылған әдіс-тәсілдерді өз жұмыстарында қолданатындарын жеткізді.
Модератор:Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәні бойынша әдіскері.