«Өмірін жырмен өрнектеп» облыстық онлайн - дөңгелек үстел

«Өмірін жырмен өрнектеп» облыстық онлайн - дөңгелек үстел

«Бізде тек ақын, тек әнші, тек ғалым әйелдер баршылық. Көп. Бірақ, осы үш қасиетті бір өзінде тоғыстырған әйел біреу-ақ. Ол – Тұрсынхан Әбдірахманова еді. Тұрсынхан Әбдірахманова ХХ ғасырдағы қазақ әйелдерінің ғажайып феномені болды. Бүкіл дүниежүзі әйелдерінің арасынан мұндай керемет құбылыс ешқашан шыққан жоқ. Бұл – тарихи шындық».

                                                                                                       Ә.Нұршайықов.

ҚР БҒМ М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, профессор Серікқазы Сыбанбайұлы Қорабай «Тұрсынхан Әбдірахманованың шығармашылық мұрасы»;

«ҚР білім беру ісінің үздігі», 7- сыныптарға арналған дүние жүзі тарихының  методикалық құралының авторы, ардагер ұстаз, Тұрсынхан апамыздың сіңілісі, Мәдениет Маженова «Естеліктер»;

Семей қаласындағы Alikhan Bokeikhan University, филология кафедрасының меңгерушісі Гүлнұр Мүрсәлім «Т.Әбдірахманова поэзиясындағы тақырыптық арналар мен көркемдік ізденістер» тақырыбында жерлестері жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы ой бөлісті.

Сонымен қатар, ақын өлеңдеріндегі тіл шеберлігі мен әдебиеттегі орны жайлы да айтылды:

Көкпекті ауданы, А.С. Пушкин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің Филология ғылымдарының магистры, педагог-модератор Асхарқызы Айнұр «Тұрсынхан Әбдірахманованың әдебиеттегі дара сарыны мен тілдік бояуы»;

Ұлан ауданы, Асубұлақ орта мектебі оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрсейітова Бағлан Құмарқызы «Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдеріндегі поэтикалық тіл шеберлігі» тақырыбында ойларын ортаға салды.

Шараға облысымыздың аудан, қалалары және облыстық білім беру ұйымдарынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 100 мұғалімі қатысты.

Дөңгелек үстел барысында әдебиетші мамандар қазақ руханиятында өшпес із, өлмес мұра қалдырған халық жазушысының өмірі мен шығармашылығын дәріптеді, өлеңдерін талдап, жатқа оқыды. Кейінгі ұрпаққа үлгі етті. Шығармаларын қазақ әдебиеті сабағында аймақтық компоненттер ретінде қолдану ұсынылды.

Модератор: Оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері Сабиева Р.С.