
Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығы функционалдық сауаттылықтың бір түрі. Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда өмірде тиімді қолдануға үйрету – мұғалім жұмысының нәтижесі.
Күзгі каникул мектебі жоспарын жүзеге асыруда, оқуды қолдайтын тиімді әдіс-тәсілдерді, ресурстарды қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту бойынша тиімді жолдарын ұсыну, тәжірибе алмасу мақсатында ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығында 2021 жылғы 5 қараша күні білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.
Аталған шарада ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 47 жалпы білім беретін мектеп» КММ мұғалімдері шебер сыныптар көрсетті:
Сергалиева Назигуль Алтаевна, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші;
Жаманкулова Зина Сулейменовна, бірінші санатты орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
Мешелова Бекзат Зиятбековна, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
Абакашева Гульжанат Кенжеевна, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-модератор;
Бейсекенов Айдын Курмангазинович, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші;
Базарова Маржангуль Советхановна, ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-сарапшы;
Тасубаева Галия Рамазановна, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жиенбаева Дана Болатбековна мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру кезінде әдістемелік зерттеу арқылы мұғалімдердің қызметіне нақты мақсат пен міндет қойылатынын атап өтті.
Таныстырылымдарында семинар спикерлері оқушылардың оқу сауаттылықтарын, тілдік дағдыларын дамыту үшін оқытуда интернет – ресурстарды, бейнематериалдарды, тұтас және тұтас емес мәтіндер бойынша әдістер - тәсілдерді қолдану тақырыбын кеңінен ашты.
Кері байланыс кезеңінде іс-шараға қатысушылар семинардың өзектілігін атап өтіп, алғыстарын білдірді.
Модератор: оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің меңгерушісі А.Ж.Кантаева