«Математика» пәні бойынша олқылықтарды жоюда педагог жұмысының тәжірибесінде медиаресурстарды пайдалану» онлайн-семинары

«Математика» пәні бойынша олқылықтарды жоюда педагог жұмысының тәжірибесінде медиаресурстарды пайдалану» онлайн-семинары

 «Математика» пәні саласындағы білім олқылықтарының орнын толтыру бойынша педагогтердің тәжірибе алмасу практикасы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде тұрақты жоғары нәтижелерге әсер ететін педагогикалық тәжірибені үнемі жетілдіру мүмкіндіктерін көрсетті.

2021-2022 оқу жылына арналған күзгі каникул мектебі шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы білімдегі олқылықтардың орнын толтыру үшін медиаресурстарды пайдалануда белсенді әрекетті қалыптастыру бойынша білім беру ортасының практикалық маңыздылығы мақсатында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің математика мұғалімдері үшін «Математика» пәні бойынша олқылықтарды жоюда педагог жұмысының тәжірибесінде медиаресурстарды пайдалану» онлайн-семинарын өткізді.

Семинар барысында: Жанұзақова Аяулым Жанатқызы, ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ластаев атындағы орта мектебі» КММ математика мұғалімі «Олқылықтарды жоюдың ең тиімді жолы-оқушылардың бірлескен әрекеттері»;

Садыканова Жанар Бейсенбековна, ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№27 орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі «Білім сапасы: білім алушылардың білімі бойынша мыналарды анықтау және жою жолдары» тақырыптары  бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Спикерлердің баяндамаларының негізгі бағыты - медиаресурстарды қолдану және міндеттерді шешудің практикалық бағыты бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жүргізу.

Онлайн-семинарды өткізу кезінде мұғалімдер тәлімгерлік шеңберінде кәсіби шеберлікті, мәдениетті дамыту, теориялық және практикалық білімді жаңарту бойынша ұсынымдар алды.

Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.