
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы күзгі каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылдың 4 қарашасында облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым 2021» байқауының грант иегері Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясының тәжірибесін тарату бойынша «Нәтижеге бағытталған оқыту – білім сапасын арттыру негізі» облыстық онлайн-семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – қалалық және ауылдық мектептері арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты қысқартуды іске асыруда оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру бойынша іс-тәжірибесімен алмасу.
Семинарға мектеп директорлары, мектеп директорларының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, ауыл мектептерінің пән мұғалімдері қатысты.
Семинардың бірінші бөлімде гимназия директоры Малгаждарова Ж. З., мектептің даму жоспарының іске асу барысы және алдағы міндеттері туралы мәлімдеді.
Саминар аясында Кадирбекова А.С., Мухамедиева Г.М. «Дарынды оқушымен жұмыс алгоритмі», «Оқушылардың дарындылығын дамытудағы ерекшеліктері»;
Каспакбаева Ж.С., Чегебаева Ү.Қ. «Бастауыш білім сатысында дарынды оқушыларды олимпиадаға дайындау бағытында жүргізілетін жұмыстар»;
Журтбаева Г.Т. «Организация работы с одаренными детьми в внеурочное время: методы, проблемы, опыт»;
Сагатбекова Ж.К., «Үздік педагог-2020» атағының иегері «Жемісті еңбек – жетістік баспалдағы» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың екінші бөлімінің 4 сессиялық залында қатысушыларға шебер сыныптар көрсетілді:
1 сессиялық зал - Нұрғабиева Г.Қ. «Бастауыш сынып оқушыларында математикалық сауаттылықты қалыптастыру», Кармысова Р.О., Толеубаева Г.Т. «Үштілде білім беру жағдайында пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL әдісі) мүмкіндіктері»;
2 сессиялық зал - Оразалин К.А. «Тарих сабағында жеке тұлғаның құзыреттіліктерін дамыту жолдары», Жакенова Қ.Қ. «Ұстаздықтың сөнбес жарық жұлдызы» Академик Қ.О. Бітібаева зертханасы»;
3 сессиялық зал - Солтанаева А.С. «Білім сапасын арттыру факторлары», Агыбаева Г.М. «Ыбырайтану» таңдау курсын мектепте оқытудың тиімді жолдары»;
4 сессиялық зал - Жумаксанова Г.М., Кармысова Р.О. «Қазақстан тарихы мен ағылшын тілі пәндері бойынша кіріктірілген сабақ», Токтыбаева Ж.Т., Хамитов А.М. «Робототехника – заман талабы».
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, Семей қаласының « Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ ұжымына ризашылықтарын білдірді.