Облыстық онлайн-семинар «Педагогтерді «Үздік педагог» байқауына дайындаудағы әдістемелік қызметтің рөлі»

Облыстық онлайн-семинар «Педагогтерді «Үздік педагог» байқауына дайындаудағы әдістемелік қызметтің рөлі»

2021 жылдың 3 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 100-ден астам аудандық, қалалық білім бөлімдері әдістемелік кабинеттерінің басшыларына, директорлардың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына «Үздік педагог 2021» атағын иеленушілердің тәжірибесін тарату аясында «Педагогтерді «Үздік педагог» байқауына дайындаудағы әдістемелік қызметтің рөлі» атты онлайн-семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – әдістемелік кабинеттердің «Үздік педагог» байқауына дайындауда  озық тәжірибесін тарату, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, мұғалімдерді әдістемелік қолдау.

Онлайн семинар барысында Кенжебаева Алма Тлеухановна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту кабинетінің жетекшісі «Үздік педагог - 2021» байқауының облыстық және республикалық кезеңінің қорытындысымен таныстырды.

Бородулиха ауданы бойынша әдістемелік кабинет меңгерушісі Бохаева Анаргуль Сағатбековна «Ынтымақтастық педагогикасы - «Үздік педагог» республикалық конкурсының кепілі» тақырыбында және Семей қаласының әдістемелік кабинет меңгерушісі Ахметова Гульфия Мажитовна «Үздік педагог» байқауына портфолио әзірлеу кезеңдері тақырыбында соңғы 5 жыл қатарынан «Үздік педагог» атағына иегерлерді дайындауда атқарылған жұмыстарымен, Өскемен қаласының «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы № 4 орта мектебі» КММ математика және информатика пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог» атағының иегері Гатауллина Ольга Ивановна «Республикалық байқауға шығармашылық тапсырмаларды дайындау ерекшеліктері» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар қорытындысында кері байланыс сәтінде қатысушылар семинардың өте тиімді екенін және өздеріне қажет ақпаратты алғандарын атап, ризашылықтарын білдірді.

Семинар материалдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне және облыстық білім беру ұйымдарына жолданды.

Модератор: Кенжебаева А.Т., ШҚО ББ «Шығыс» ӨО педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту кабинетінің жетекшісі.