
Әдіскерлердің кәсіби деңгейі мен мәртебесін арттыру, олардың қызметінің тиімділігін арттыруға жағдай жасау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылдың қазан айы ішінде облыстық әдістемелік орталығы әдіскерлерінің қызметіне рейтингтік бағалау жүргізді.
Рейтингтің міндеті - орталық әдіскерлерінің әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы озық тәжірибесін анықтау және қолдау, кәсіби шығармашығын ынталандыру. Рейтинг объективтілік, ғылыми сипатта және ашықтық қағидаттарына негізделген.
Қазан айының қорытындысы бойынша «Айдың әдіскері» аталымы оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері Желпакова Айгүл Халелқызына берілді.
Лайықты жеңісіңізбен құттықтап, жұмысыңызға табыс тілейміз!