Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас мамандарына әдістемелік көмек

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас мамандарына әдістемелік көмек

Жас ұстаз - рухани бай, шығармашыл, рефлексияға қабілетті, кәсіптік дағдылары мен педагогикалық дарындылығы басым және жаңалыққа құштар, өзінің кәсіби қызметімен жоғары деңгейде айналысуға дайын маман.

Жас ұстаздың кәсіби дамуын одан әрі жобалай білуге жетелейтін жас ұстаздардың алғашқы кәсіби шеберлігін қалыптастыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығы күзгі каникул кезеңіндегі жұмыс жоспары аясында 2021 жылғы 3 қараша күні онлайн форматта  «Оқу үрдісін әдістемелік сүйемелдеудің инновациялық әдістері - сапалы білім беру негізі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас мамандарына арналған облыстық семинар өткізді.

Аталған шарада:

         Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің  «Мыңбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі, тәлімгер, педагог-зерттеуші Көмекова Арай Төлегенқызы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен  жазылым дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері»;

         Көкпекті ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер,тәлімгер Ниязбаева Динара Амангелдиновна «Қазақ әдебиеті пәнінен оқу мақсаттарына жетуге бағытталған тапсырма түрлері»;

         Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қарауыл гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Оразова Аяулым Ғарифоллаевна «Интербелсенді тәсілдерді сабақта қолданудың тиімді жолдары»;

         Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 1 Белоусовка орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Тауданбекова Ардақ Айтқазықызы «Қысқа мерзімді сабақ жоспарлаудың тиімді алгоритмі»;

         Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі»КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ассоциация жетекшісі, педагог-шебер, Болаева Айнұр Қантайқызы «Тыңдалым мен айтылым дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдістері»;

         Алтай қаласы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының № 9 орта мектебі» КММ оқу ісі бойынша директор орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, Саньязова Бекзат Кабдуалиевна «Инновациялық әдіс-тәсілдер сапалы сабақ кепілі» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жас педагогтерге әдістемелік көмек көрсетті.

Онлайн семинарға облысымыздың аудан, қалалары және облыстық білім беру ұйымдарының 100 жас ұстазы қатысты.

Семинар соңындағы кері байланыста жас ұстаздар өздерін ойландырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Модератор: Оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері Сабиева Р.С.