«Үздік педагог-2021» атағы иегерлерінің шебер сыныптары

«Үздік педагог-2021» атағы иегерлерінің шебер сыныптары

2021 жылғы 1-3 қараша аралығында ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығымен күзгі демалыс мектеп аясында онлайн-режимде математика, физика және информатика мұғалімдері үшін шебер сыныптар  өткізілді.

Мақсаты - «Үздік педагог-2021» атағы иегерлерінің жұмыс тәжірибесін тарату және зерттеу мен жобалық қызмет мәселелерін жаңадан бастаған педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Шебер сынып циклінде:

Гатауллина Ольга Ивановна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «С.Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектебі» КММ информатика пәні мұғалімі «Үздік педагог» конкурсына шығармашылық тапсырмаларды орындау ерекшеліктері, «Портфолио макеті. Түрлері», «Макетті ақпаратпен толтыру»;

Рыспеков Равиль Муратович, ШҚО ББ Бородулиха ауданы бойынша білім беру бөлімінің «Н. Островский атындағы орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі «Физика сабағында және сабақтан тыс уақытта жобалау қызметі»;

Дурмекбаева Жанар Нурлыбековна, ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпсалалы гимназия» КММ математика пәні мұғалімі «Іс-әрекеттегі зерттеу – тәжірибесі жетілдірудің тиімді жолы» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 Семинардың рефлексивті бөлімінде қатысушылар спикерлер ұсынған материалдың практикалық маңыздылығын, кәсіби шеберлікті одан әрі арттыру үшін жоғары мотивациялық құндылығын атап өтті.

Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 500 математика, физика, информатика мұғалімдері қатысты.

Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.