Әдістемелік онлайн-семинар «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында жас педагогтың коллаборациясы»

Әдістемелік онлайн-семинар «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында жас педагогтың      коллаборациясы»

2021 жылғы 3 қарашада ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығымен күзгі демалыс мектеп аясында онлайн-режимде «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында жас педагогтің коллаборациясы» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – жас педагогтердің ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін коллаборативті орта құруда кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру.

Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 100 математика, физика, информатика мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында:

Шемонаиха ауданы АӘК меңгерушісі Гилёва Елена Сергеевна «Сабақты қалай жоспарлау керек: идеядан іске асыруға дейін»;

Нарбинова Галина Исатаевна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№42 орта мектебі» КММ директоры «Жас мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту оқушылардың білім сапасын, функционалдық сауаттылығын арттыру факторы ретінде»;

Назарбаева Бакыт Муратовна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№42 орта мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары «Оқушылардың білім сапасын,  сауаттылық қызметін арттыру факторы ретінде жас мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту»;

Нургалиева Назира Тугелбаевна, тәлімгер, математика пәнінің мұғалімі, Сағитханқызы Әйгерім, жас ұстаз информатика пәнінің мұғалімі, ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Үлкен Нарын ауылдық лицейі» КММ «Оқытудағы рефлексия мен кері байланыстың тиімділігі» тақырыптары бойынша жас педагогтің қалыптасуы мен өзін-өзі жетілдіруі бойынша тәлімгерлік тәжірибелерімен бөлісті.

Онлайн-семинарды өткізу кезінде мұғалімдер тәлімгерлік шеңберінде кәсіби шеберлікті, мәдениетті дамыту, теориялық және практикалық білімді жаңарту бойынша ұсынымдар алды.

Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.