«Кәсіби құзыреттілік табысты оқытудың кепілі» тақырыбындағы облыстық онлайн-семинар

«Кәсіби құзыреттілік табысты оқытудың кепілі»   тақырыбындағы облыстық онлайн-семинар

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы күзгі каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылдың 1 қарашасында облыстық «Үздік педагог-2021» байқауы жеңімпазының іс-тәжірибесін тарату аясында «Кәсіби құзыреттілік - табысты оқытудың кепілі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне онлайн режимде шеберлік семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – педагогтердің оқу процесінде оқушылардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, бастауыш сынып оқушылары арасында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік нұсқауларды қалыптастыру.

Семинар барысында Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «№3 Күршім гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі, облыстық «Үздік педагог-2021» байқауының жеңімпазы Мырзабаева Аяужан Нурлановна ұлттық педагогикаға негізделген авторлық бағдарламасы бойынша мектебінің жас педагогтерімен бірлесе шеберлік-сыныбын көрсетті.

Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар қойылған сұрақтарына жауаптар алды және бастауыш сыныптарда ұлттық педагогикаға негізделген тапсырмаларды жасау бойынша ұсынымдар алды. Келесі каникул кезінде «Үздік педагог – 2021» байқауы жеңімпазының іс-тәжірибесін тарату жалғасын табады.

Модератор: мектепке дейінгі, мектепалды, бастауыш білім беру кабинетінің меңгерушісі Какетаева Д.А.