Облыстық «Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи жолы» ғылыми-практикалық конференциясы

Облыстық «Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи жолы» ғылыми-практикалық конференциясы

Тәуелсіздік – ең алдымен халқымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.

Тәуелсіздік тарихына қызығушылықты арттыру, ұстаздарды оқу-танымдық қызмет пен ғылыми зерттеу жұмыстарына ынталандыру, дарынды, талантты мамандарға қолдау көрсету және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақстандық патриотизмді, азаматтықты, толеранттылықты қалыптастыру мақсатында 2021 жылғы 27 қазанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы КЕ АҚ «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің» Қазақстан тарихы кафедарсымен бірлесіп «Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи жолы» атты облыстық ғылыми практикалық конференция (ZOOM платформасында) өткізді.

Облыстық конференцияға ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, докторанттар, әдіскерлер, орта білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары және пән мұғалімдері, сынып жетекшілері қатысты.

Ғылыми-практикалық конференция бағдарламасы негізінде пленарлық бөлім және секциялық бөлім жұмыстары ұйымдастырылды.

Пленарлық бөлімде:

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Қазақстан тарихы кафедрасының сеньор-лекторы, Қ.Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейі тарих пәні мұғалімі, педагог-шебер тарих ғылымдарының кандидаты Чекетаева Роза Сарқытбекқызы - «Хәкім Абай мен Елбасы Н.Назарбаевтың ойларындағы үндестік»;

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры тарих ғылымдарының кандидаты Шүршітбай Бейбітгүл - «Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ел»;

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Қазақстан тарихы кафедрасының сеньор-лекторы. тарих ғылымдарының кандидаты, Сарсембаева Гульжан Алибековна, - «Демографические успехи Казахстана за годы независимости»;

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық музей – қорығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Қашақу Гүлжан Қашақуқызы - «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер» (музей-қорық мысалында);

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Бородулиха ауданы бойынша «Жезкент кентінің мектеп-лицейі» КММ - тарих пәні мұғалімі

Мурсалимов Канат Кайрбекович -«Я ровесник независимости» тақырыбында баяндама жасады.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, конференция модераторы Аубакирова А.Ж., пленарлық бөлімнің қорытындысында сөйлеушілерге рахмет айтып,ризашылық білдірді.

Конференция жұмысы төрт секция бойынша:

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл: табысты мемлекет, табысты ел» .

«Елбасы тәуелсіздік тұғыры» («Назарбаев жолы»; «Қазақстан жолы» моделінің жүзеге асуы)

«Мәңгілік Ел» құндылықтары: балалар мен жастар тәрбиесіндегі тарихи сабақтастық.

«Мектептің білім беру мазмұнын жаңарту барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы пәндердің рөлі» жұмысын жалғастырды.

Секция жұмысы соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қорытынды жасалды.

Әділқазы алқалары шешімімен үздік баяндамаларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар табысталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Конференция материалдары бойынша үздік баяндамалар жинағы шығарылып, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының білім порталына орналастырылады.

Модератор: Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәні бойынша әдіскері.