Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ШҚО ТжКБ оқу орындарының студенттері арасында өткен «Қазақстанның әлемдік аренадағы орны мен рөлі» тақырыбындағы қалалық дебат турнирі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ШҚО ТжКБ оқу орындарының студенттері арасында өткен   «Қазақстанның әлемдік аренадағы орны мен рөлі»  тақырыбындағы қалалық дебат турнирі

2021 жылғы 23 қарашада ШҚО ББ мен «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»  КМҚК бірлесіп "Қазақстанның әлемдік аренадағы орны мен рөлі" тақырыбында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық дебат сайысының қалалық турнирі өткізді. Қалалық дебат турниріне Семей қаласының 10 колледжінен 40 студент қатысты.  («Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі» КМҚК, «Авиценна»  жоғары медициналық колледжі» БМ, «Семей қаласының  Д.Қалматаева атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжі»  ШЖҚ КМК, «Жоғарғы Қайнар»  колледжі, «Құрылыс колледжі» ҚМКК, «Көлік колледжі» ҚМКК, «Семей» колледжі»  мекемесі, «М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМКК, «Геологиялық барлау колледжі» ҚМКК, «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»  КМҚК ШҚО ББ).

Қазақ және орыс тілдерінде екі лига құрылды, студенттердің басым көпшілігі (32) мемлекеттік тілдегі лигада ойнады. Турнир барысында келесі қарарлар ойнатылды:

  1. Қазақстанда ЭСАЖ «экономикалық ғажайып»  болуы мүмкін.
  2. Қазақстанда ЭСАЖ рейтингісін көтеру үшін IT-технологияларды дамыту жеткіліксіз.
  3. ЭҮ Батыс елдерімен (АҚШ, Еуроодақ және т. б.) интеграцияны қолдайды
  4. ЭП 4 күндік жұмыс аптасына ауысуды ұсынады.
  5. ЭҮ радикалды шаралар арқылы халықтың Қазақстаннан кетуін азайтады.
  6. ЭСАЖ «Көлеңкелі экономиканы» жақын болашақта жою мүмкін емес.

Қазақстан дамуының маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемалары, сондай-ақ ҚР-ның әлемдік қоғамдастықпен өзара іс-қимылы қаралды.

Турнирдің үздік спикерлері болып, «Қазақ лигасы» бойынша «М.О.Әуезов  атындағы педагогикалық колледжінің» студенті Дүйсенгазина Аяулым, «Орыс лигасы» бойынша «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің» студенті Садвакасов Ермек танылды.

1 орын - Дүйсенгазина Аяулым, Құсман Айдана «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК, жетекшісі - Сағымбеков Нұржан Әшімұлы.

2 орын - Райхан Аңсар  «Көлік колледжі» КМҚК, жетекшісі - Ораз Айдын Әмірбекұлы. Сапарғалиева Замира  «Семей» колледжі» мекемесі, жетекшісі – Молдакашев Куаныш Панарбекұлы.

3 орын - Мейірбекова Ұлжан, Дулатов Қайрат  «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК, жетекшісі - Омарбекова Жадыра Социаловна.

Орыс тілді лига бойынша:

1 орын  – Омаркан Адильжан, Садвакасов Ермек - «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК, жетекшісі - Искаков Артур Николаевич.

2 орын – Мухамедьярова Адэль, Калайда Данил - «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК, жетекшісі - Искаков Артур Николаевич.

3 место - Шилоносова Дарья, Кудербаев Эльдар - «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК, жетекшісі - Жумадилов Болат Шаймарданович.