
2021 жылғы 20 қазан 10.00-ден 13.00-ге дейін. Өскемен жоғары политехникалық колледжі" КМҚК базасында "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында "Саналы ұрпақ-Мәңгілік ел болашағы" атты облыстық жастар слет-форумы өтті. Салтанатты жиынға Өскемен қаласының барлық колледждерінен оффлайн режимінде 40 өкіл қатысты, еліміздегі эпидемологиялық жағдайға байланысты 56 колледжден 112 мұғалім мен 100 «Саналы ұрпақ» белсенділері шараны онлайн түрде тікелей Ютуб, Инстаграм желісі арқылы тамашалады.
Форум-слеттің мақсаты:
- студенттердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған адамгершілік, парасаттылық, адалдық, әділдік және саналы жан-жақты тәрбиелеу қағидаттарын қалыптастыру;
Міндеттері:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нысандарын, әдістері мен құралдарын насихаттау;
- рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиеге бағытталған шараларды іске асыру;
- студенттердің саяси-құқықтық білімдерін қалыптастыруға ықпал ету;
-студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру бойынша жұмыс.
«Саналы ұрпақ-Мәңгілік Ел болашағы» атты облыстық жастар слет-форумының жұмысына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Байділдин Жігер Еркінбекұлы қатысып, «Саналы ұрпақ» белсенділеріне марапаттар тапсырды.
Сыбайлас жемқорлықтың тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсу - өркендеу болмайды. Жемқорлыққа қарсы күрес жан - жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз деген мағынада Рымбек Байсеитов атындағы Семей экономика-қаржы колледжінің саналы ұрпақ белсенділері жүйелі жұмыстарымен бөлісті.
Ұлылар тағылымы – парасаттылық бастауы. Шығыстан шыққан ұлылар Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың қалдырған еңбектері парасаттылық пен адалдыққа бастап, өмірді лайықты сүруге үйретеді.
Олардың шығармаларынан ар-ұят, еңбек, намыс, адамгершілік, парасаттылық ұғымдарын жиі кездестіруге болады. Бұның барлығы жастарымыз үшін мәңгілік мұра. Осы мұраны жастарымыздың санасына сіңірту мақсатында сөз кезегін М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері жалғастырып, жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлылардың мұрасын пайдалану әдістерімен таныстырды.
Есер, есірік, ынжықтық - солар жақтан- деп Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай, бұл қасиеттердің адам бойынан ары болуы, келешек ұрпақты санасына сіңіру- бәрі өз қолымызда деп тұрымдай отыра сахна төріне «Үржар колледжі» Саналы ұрпақ белсенділерінің дайындаған «Ақ пен қара» атты сюжеттік көрінісін слетке қатысушылар жылы қабылдады.
Слет аясында "Алаш ұрпақтары" клубының қатысушылары мен Өскемен қаласының дебатерлері «Бұл палата азаматтарға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауды ынталандыру дифференциациясын дұрыс деп санайды» тақырыбына пікір-сайысты.
Дебатерлердің сөйлеген сөздері көрермен арасында еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарын қызу талқылау тудырды және көрермендер осы тақырып бойынша өз сұрақтарына түсінікті жауаптар алды.
Слет аясында белсенді студенттер марапатталды , плакаттар сайысы, эссе сайысы, роликтер сайысының женімпаздарының жұмыстары көрсетілді. Салтанатты жиынға бұқаралық ақпарат құралдары қатысып облыстық «Алтай» телеарнасында, «Рудный алтай» газетінде жарияланды, білім басқармасының, колледждердің сайттарында жарияланды.
Салтанатты іс-шара аясында 20 колледжден келген 1 курс студенттері ант қабылдап, «Саналы ұрпақ» төс белгісін табысталды. Мереке сонында ауыспалы «Адалдық» кубогы Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжіне табысталды.