«Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру тәсілдері» облыстық онлайн-семинары

«Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру тәсілдері» облыстық онлайн-семинары

Экологиялық білім беру қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Білім алушылардың бойында экологиялық білім мен мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға, табиғатқа ұқыпты, қамқорлықпен және жауапкершілікпен қарайтын әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелеу парызымыз.

2021 жылы 22 қазанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Семей қаласы бойынша білім бөлімімен бірлесе «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру аясында облыстық «Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру тәсілдері» семинарын өткізді.

Онлайн-семинарға «Биология», «Химия», «География» пәні мұғалімдерінің қауымдастығының төрағалары, облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының биология, химия, география пән мұғалімдері барлығы 100 адам қатысты.

Семинар барысында Семей қалалық білім бөлімінің педагогтері:

«Білім беру мекемелеріндегі экологиялық білім мен тәрбие үдерісі» - Семей қаласы білім бөлімінің әдіскері Ахметкулова Қ.А және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №47 ЖОББМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алпиева А.Т.;

«Экологиялық тәрбие - заманауи қазақстандық мектептердің дамуындағы басым бағыт» - №3 ЖОББМК директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Оспанова С.С.;

«Биология пәнінде аймақтық компоненттерді пайдалана отырып экологиялық білім беру» - № 4 ЖОББМ биология пәні мұғалімі Сансызбаева Ж. А.;

«Экологическое воспитание учащихся в процессе научно-исследовательской деятельности» - № 1 ЖОББМ химия пәні мұғалімі Сускина О.Н.;

«Оқушылардың экологиялық құзыреттілігін қалыптастыру» - №18 ЖОББМ биология мұғалімі Макажанова А.Х.;

«Қоршаған ортаны қорғау – экологиялық білім негізі» - ЖОББМ №15 мектеп химия, биология мұғалімі Айтказина Л.Б., көркем еңбек мұғалімі Ахметкулов С.Д. тақырыптарында тәжірибе бөлісті.

Семинар соңында ұйымдастырылған кері байланыста қатысушылар семинарда бөліскен тәжірибелердің тиімділігін атай келе, іс-тәжірибемен бөліскен педагогтермен байланыста болатындарын жеткізді.

Модератор: Нұрбекова Аяулым Нұрбекқызы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің биология пәні бойынша әдіскері.