
Ассоциация (лат.assotiatio, associare - бірігу, серіктестікке кіру) – ортақ мақсат және өзара ынтымақтастық мақсатында біріккен бірнеше адамның ерікті одағы. Ассоциацияның қызметі білім беру үрдісіндегі өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастыруға, педагогтердің кәсіптік өсуіне жағдай тудыруға, озық педагогикалық тәжірибелерді таратуға байланысты барлық басым бағыттарды қамтиды.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылдың 22 қазан күні бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес онлайн режимде қауымдастықтың кезекті отырысы өтті.
Қауымдастық отырысында Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, «Әліппе» оқулығының авторы Жумабаева Азия Елеупановна «Әліппе» оқулығының оқу материалдарын оқытудың жаңа тәсілдері мен технологияларының ерекшеліктері туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
ШҚО ББ «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Тинькова Светлана Юрьевна «Методические особенности обучения по предмету Букварь в 1 классе» тақырыбында презентация жасап, ресурстық «Онлайн-мектеп» порталымен жұмыс жасау тәсілін көрсетті.
Отырыс қорытындысы бойынша кері байланыс жасалды, қауымдастықтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес атқарылатын іс-шаралар бойынша тапсырмалар берілді.
Модератор – мектепке дейінгі, мектепалды, бастауыш білім беру кабинетінің меңгерушісі Какетаева Д.А