
2021 жылдың 13 қазанында білім бөлімінде жаратылыстану - ғылыми цикл мұғалімдеріне арналған "ЖББ жағдайында заманауи әдіс-тәсілдер негізінде ЖҒЦ пәндерін оқытудың тиімділігі мен сапасын арттыру" тақырыбында қалалық коучинг-семинар өткізілді. Семинар барысында жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін оқыту сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Білім бөлімінің әдіскері Капчикова Н. Т. қатысушыларды семинардың тақырыбымен және бағдарламасымен таныстырды. №6 орта мектептің педагогтары Асқарова А. А., Жумагулова А. Б., Катасонова В. В., Ильясова Ж. с., Шахова В. Р., Уалиева г. С. өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, білім алушылардың танымдық қызығушылығы мен уәждемесін арттыру үшін оқытуда қолданылатын түрлі әдістер, формалар ұсынды. Қатысушылардың пікірі бойынша семинар нәтижелі және пайдалы болды.