Құмаш Нұрғалиевтің  96 жылдық мерейтойына орай «Кұмаш Нұрғалиевтің педагогикалық мұрасы заманауи білім беру жүйесінде» атты педагогикалық оқу

Құмаш Нұрғалиевтің  96 жылдық мерейтойына орай «Кұмаш Нұрғалиевтің педагогикалық мұрасы заманауи білім беру жүйесінде» атты педагогикалық оқу

Құмаш Нұрғалиев ұстаздық жолына жан-тәнімен берілген ұлттық сананы тәрбиелеуге өз үлесін қосқан зиялы азамат. Халық мұғалімі Қ.Нұрғалиевтің оқу-ағарту саласына қосқан үлесін, білім берудің өзекті мәселелерін талқылау, оқытудағы үздік инновациялық педагогикалық іс-тәжірибені бөлісу мақсатында 18 қазанда «Кұмаш Нұрғалиевтің педагогикалық мұрасы заманауи білім беру жүйесінде» атты педагогикалық оқу ұйымдастырылды.

Педагогикалық оқудың баяндамашылары қала мектептерінің педагогтері болды. Аталмыш шара Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Өскемен қаласының білім бөлімінің басшылығымен өткізілді. Қатысушыларды бағалаушы әділқазылар құрамы бекітілді.

Педагогикалық оқудың барысында Қ.Нұрғалиевтің өмірі мен еңбек жолына байланысты ақпарат берілді. Қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Скакова Зульфира Сатыбалдиновна құттықтау сөзі айтылды. Ұлы ұстаздың көзін көрген, тәлім-тәрбиесін алған інісі Айкенов Қайыржан Қалымжанұлы естелігімен бөлісті. Баяндамашылар педагогикалық оқуға zoom платформасы арқылы қосылды.

Педагогикалық оқу қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер қалалық оқу бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен, қатысушылар сертификатпен марапатталды.