
Бүгін, а. ж. 13 қазанында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында инженерлік сала бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсының 1 кезеңі жалғасты.
2-модульдің конкурстық тапсырмасының форматы нақты уақыт режимінде білім беру онлайн платформасында «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы», «Материалтану», «Стандарттау және метрология негіздері» пәндерінен автоматтандырылған тестілеуден өтуді қарастырды.
1 кезеңнің екі модулінің тапсырмаларын орындау қорытындысы бойынша конкурстың 2-ші кезеңіне өткен қатысушылар анықталады.
Қорытындылар ШҚО білім басқармасының, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының сайтында, сондай-ақ, Facebook, Instagram әлеуметтік желі парақшаларында орналастырылады.