«Ең үздік психолог-2021» облыстық байқауының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Ең үздік психолог-2021»  облыстық байқауының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2021 жылдың 18-25 қазан аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізіндегі «Тәрбие және білім» бағдарламасының республикалық «Ұстаз өзгерістер елі» жобасы негізінде «Ұстазым-мақтанышым» жобасын жүзеге асыру аясында «Ең үздік психолог-2021» облыстық байқауы өтеді.

Іс-шараның мақсаты: кәсіби құзыреттілікті оңтайлы меңгергенін көрсететін талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтерді анықтау, оларды қолдау және көтермелеу.

Ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы болып табылатын іс-шараға облыстың білім беру ұйымдарының қалалық және аудандық кезеңдерінің жеңімпаз психологтері қатысады. Облыстық байқаудың қазылар алқасының жұмысы онлайн форматта ұйымдастырылады.

Жауапты:

Ардақ Құрманғазықызы Кубентаева,

ШҚО ББ «Шығыс» ӨО психолог-әдіскері

 87773825029, 8/7232/742550