«Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» республикалық байқауының БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

«Үздік өзін-өзі тану мұғалімі»  республикалық байқауының  БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

«Өзін-өзі тану» - адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету, рухани-адамгершілік білім беру. Өмірдің мәнін ұғынуға және өмірден өз орнын таба білуге үйренеді. Әркімнің жан дүниесін тануына, әлемге көз жүгіртіп, мейірімділік жасауға бағыттайды.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру бойынша үздік озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, сондай-ақ педагог еңбегінің беделін арттыру және қолдау үшін Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты «Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» республикалық байқауын өткізуді жариялады.

Байқауға қатысу үшін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері шақырылады.

Байқау үш турда өткізіледі: аудандық (қалалық) - 2021 жылғы 18-22 қазан аралығында, облыстық - 2021 жылғы 10-15 қараша аралығында.

Өзін-өзі танудың үздік педагогі – облыстық турдың жеңімпазы 2021 жылғы 6-8 желтоқсан аралығында өтетін республикалық байқауға қатысады.

Облыстық байқаудың ұйымдастыру комитетінің хатшысы: Алмабаева Айгерім Нұрланқызы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері, ұялы тел. 87772571311, жұм.тел. 8/7232/749542.