
2021 жылғы 8 қазанда ШҚО ТжКОБ ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстары республикалық байқауына аймақтық деңгейде іріктеудің қорытындысы шығарылды.
Байқаудың мақсаты - педагогикалық идеялар, бастамалар мен жобаларды анықтау, ТжКОБ педагогтерінің озық тәжірибелерін жалпылау.
Комиссияның қарауына келесі бағыттар бойынша 66 жұмыс ұсынылды:
- оқу жұмысына арналған әдістемелік өнімдер – 30;
- тәрбие жұмысына арналған әдістемелік өнімдер - 5;
- электронды білім беру ресурсы- 12;
- жобалық жұмыс - 13;
- бағалау қызметі мен кері байланысқа арналған жұмыстар жинағы - 6.
Байқау комиссиясы қатысушылардың ұсынған материалдарын қашықтық форматта қарап, үздік деп танылған жұмыстарды ТжКОБ ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстары республикалық байқауына жолдайды (тізім).