«Авторлық бағдарлама педагогтің зияткерлік еңбегінің және зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде» онлайн - семинардың БАСПАСӨЗ - АНОНСЫ

«Авторлық бағдарлама педагогтің зияткерлік еңбегінің және зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде» онлайн - семинардың БАСПАСӨЗ - АНОНСЫ

Авторлық бағдарлама белгілі бір білім шеңберінің авторлық нұсқасы, осы білімді игеру көрінісі анықталған және ұсынылған құжат ретінде мемлекеттік стандартқа сәйкес жасалған қазіргі қолданыстағы оқу бағдарламаларына толықтыру ретінде қолданылады. Мұғалімнің міндеті - оны қай жерде, қалай және қай кезеңде жасау керектігін ажырату.

Педагогтердің тәжірибе алмасуы педагогикалық тәжірибені үнемі жетілдіруге мүмкіндік береді, бұл оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде тұрақты жоғары нәтижелерге жетуге ықпал етеді.

2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы еңбек жолын жаңа бастаған педагогтердің авторлық бағдарламаларды әзірлеу мәселелерінде кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің физика және информатика мұғалімдеріне арналған «Авторлық бағдарлама - педагогтің зияткерлік еңбегінің және зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде» онлайн-семинарын өткізеді.

Cеминар барысында 2021 жылғы «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық кезеңінің жеңімпазы, «Үздік педагог-2021» атағының иегері;

2021 жылы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес мақұлдаған «Физиканы ұлттық кодтап оқыту бағдарламасы» бағдарламасының авторы өз жұмыс тәжірибелерімен бөліседі.

Әдістемелік онлайн-семинар 2021 жылдың 19 қазанында өтеді.

Өткізу уақыты - қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер үшін - 15.00 сағ.

Жауапты: білім мазмұны және білім сапасы мониторингісі кабинетінің әдіскері Айгуль Халелевна Желпакова, 87774966377.