«Өз құқығымды білемін- лайықты өмір сүремін» облыстық онлайн топтық кеңесі

«Өз құқығымды білемін- лайықты өмір сүремін»  облыстық онлайн топтық кеңесі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылы 6-7 қазан күндері «ТРИНТА» жеке қорымен бірлесіп «Өз құқығымды білемін - лайықты өмір сүремін» тақырыбында облыстық онлайн топтық кеңес өткізді.

Аталған онлайн кеңес мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және «Құқық негіздері», «Тарих» пәндері мұғалімдерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, пәндерді оқытуда әлеуметтік, экономикалық, азаматтық, саяси және мәдени құқықтар мен бостандықтарды іске асыру және қорғау мәселелері бойынша кеңес беру мақсатында өткізілді.

Онлайн-кеңеске білім беру ұйымдарының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және «Құқық негіздері», «Тарих» пәні мұғалімдерінен құралған барлығы 200 адам қатысты.

Онлайн-кеңес барысында «Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру» жобасы шеңберінде «Тринта» жеке қоры және «Ұлағат» қоғамдық бірлестік өкілдері «Өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және қорғау», «Түрлі төтенше жағдайларда азаматтардың әрекет ету ресурстарын құру», «Онлайн кеңес беру қызметінің байланыстары» мәселелері аясында таныстырылым жасады.

Шара аясында қатысушыларға аталған мәселелер бойынша онлайн кеңес алу үшін байланыстар жайлы ақпараттар ұсынылды.

Ұйымдастырылған кері байланыста қатысушылар қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар алып, берілген кеңестердің тиімділігін және жұмыс барысында ақпараттарды қолдану мүмкіндігін атай келе, ризашылықтарын білдірді.

Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәнінің әдіскері Абраимова Б.К.