
Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметшілердің моральдық бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Мемлекеттік қызметшілер өзінің барлық күш – жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсап, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп қоғам сенім білдіреді.
2021 жылғы 30 қыркүйекте әдеп жөніндегі уәкіл – Г.М. Искакова білім басқармасының мемлекеттік қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді.
Мемлекеттік қызметшілер интерактивті форматта қызметтік және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлықтың негізгі стандарттарын еске алды. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 3 тоқсанның қорытындысы шығарылды. Сонымен қатар, Агенттіктіктің қазақ және орыс тілдерінде шығарған "Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары" атты ситуациялық мысалдар негізінде мінез-құлықтың қысқаша нұсқаулығынан тұратын кітабымен танысты.
Сондай-ақ әрбір мемлекеттік қызметші мінез-құлық нормалары бойынша жадынама алды.