
2021 жылдың 29 қыркүйегінде Қостанай қаласында мұғалімдердің кәсіби мерекесін өткізу аясында «Үздік педагог – 2021» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Республика бойынша 64 мұғалім «Үздік педагог» атағына ие болды. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының 3 мұғалімі республикалық бюджет қаражатынан 1000 АЕК көлемінде сертификаты және «Үздік педагог» төсбелгісі табысталды.
Олардың есімдерін мақтанышпен айтамыз:
- Гатауллина Ольга Ивановна – ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектебі» КММ, математика және информатика пәнінің мұғалімі;
- Дурмекбаева Жанар Нурлыбековна – ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» КММ, математика пәнінің мұғалімі;
- Рыспеков Равиль Маратович – ШҚО ББ Бородулиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Н. Островский атындағы орта мектебі» КММ, физика пәнінің мұғалімі.
2021 жылдың 1 қазанында облыстық мұғалімдер күні мерекесіне арналған «Менің сүйікті ұстазым» салтанатты шарада облыстық деңгейдегі «Үздік педагог - 2021» атағының иегерлеріне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаты және 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы берілді. Олар:
- Ауезов Ержан Бэкұлы – ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ, математика және робототехника пәнінің мұғалімі;
- Королёва Оксана Сергеевна – ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, мектепке дейінгі дайындық сыныбының тәрбиешісі;
- Мырзабаева Аяужан Нурлановна – ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «№3 Күршім гимназиясы» КММ, бастауыш сынып мұғалімі;
- Темирова Асель Канбековна - ШҚО ББ «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК, хорды дирижерлау сыныбының оқытушысы, академиялық хордың көркемдік жетекшісі және дирижері, «IN CORO» вокалдық тобының жетекшісі.
Республикалық конкурстың жеңімпаздарын лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!