Акция «Мектепке апарар жол»  

Акция «Мектепке апарар жол»   

"Мектепке апарар жол" Республикалық акциясы шеңберінде облыстың жалпы білім беретін мектептерінде мектеп ортасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға және жауапты мінез-құлық пен салауатты өмір салты дағдыларын дарытуға, Қауіпсіз мектеп ортасын құруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі.

"Қазцинк" компаниясының акция өткізуге белсенді қатысуы игі дәстүрге айналды. ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасымен, ШҚО білім басқармасымен бірлесіп, "Дарын" ШҚ ҒӨО-ның көмегімен бастауыш сынып балаларына көшеде, жолда, мектепте қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша жадынамалар әзірленді .

Жүріс-тұрыс қауіпсіздігінің негізгі ережелері бар 26 000-нан астам парақшалар Өскемен, Риддер қалаларының және Алтай ауданының төменгі сынып оқушыларына тапсырылады.

Бүгін, 2021 жылдың 30 қыркүйегінде Өскемен қаласының бастауыш сынып оқушыларына жоғарыда аталған ұйымдардың өкілдері жадынамалар табыс етті.