
«Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысын дамыту мақсатында облыстық білім басқармасымен жолдастық турнирлер өткізу кестесіне сәйкес 2021 жылы 30 қыркүйек күні Бесқарағай ауданы мен Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім инновация» лицейі командалары арасында онлайн форматта екінші кездесу өтті.
Жолдастық кездесуге қалалық, аудандық білім бөлімдерінің дебаттық қозғалысын дамытуға жауапты мамандар, білім беру ұйымдарының дебат клуб жетекшілері және оқушылар қатысты.
Ойын барысында екі ойыншыдан тұратын командалар – Үкімет (Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім инновация» лицейі), Оппозиция (Бесқарағай ауданы) «Бұл палата ҚР ғаламтор желісінің халыққа қолжетімді, тиімді жасауды ұсынады (саяси)» тақырыбын талқылады. Тақырып аясында бірнеше мәселелер алдыға тартылып, пікірлер ортаға салынды.
Палата Спикерлері Биназар Бейбітұлы Октябрь, Азат Берікұлы Қалибасов, Кенжехан Ерсін, сонымен қатар осы сайыстың төрешілері қызметін атқарды.
Төрешілер алқасының шешімі бойынша Оппозиция (Бесқарағай ауданы) командасы тартысты ойын көрсетуіне байланысты келесі айналымға өтті.
Турнир соңында қатысушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап беріліп, дебат қозғалысын дамыту бойынша жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізілді.