ШҚО ББ "№3 арнайы мектеп-интернаты" КММ–де көз дәрігерінің кабинетін жабдықтау мәселесі шешімін таппай тұрды. Қолда бар медициналық тифлоқұралдар қазіргі заманға сәйкес келмеді және көз ауруларын диагностикалау және емдеу үшін жеткіліксіз болды. Осыған байланысты біз Жапония Үкіметі қаржыландырған "Корни травы" жобасына қатысып, 5 514 000 теңге (16 709 АҚШ доллары) сомасында грант ұтып алдық. Бұл офтальмологиялық кабинетті медициналық құрылғылармен жабдықтауға мүмкіндік берді, бұл көз ауруларының ерте диагностикасын, алдын алуға ықпал етеді және тексеру кезінде балаларға жайлылық тудырады. Осылайша, мектептің 154 оқушысы көру қабілетін жақсартуға мүмкіндік алды.
Жүйелі медициналық бақылау және уақытылы емдеу, балалардың түзету пәндерімен айналысуы өз нәтижелерін берді. Жыл сайын көру функциялары жақсарып,5-7 оқушы жалпы білім беретін мектептерге ауыстырылады. Соңғы үш жылда тәрбиеленушілер арасында көру қабілеті бойынша мүгедек балалар саны азайды. Көптеген оқушылар мектеп-интернатты бітіріп, қалдық көру қабілетін сақтай отырып, жоғары оқу орындары мен колледждерде білімін жалғастыра отырып, белгілі бір мамандық иесі атанып, қоғамда өз орнын тауып, қоғам игілігі үшін қызмет етуді.Бұл интернаттың барлық қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің нәтижесі. Сатып алынған құрылғылардың арқасында біз жобаның мақсаттарын жүзеге асыра алдық.
Нашар көретін және көзі көрмейтін балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу.
Жобаның соңғы кезеңінде 2021 жылдың 29 қыркүйегінде бізге Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Ямада Джун, Иватарэ Отароның екінші хатшысы, атташе Екоэ Томоя, үйлестіруші Мацумото Акира, Семей қаласы әкімнің орынбасары Садырбаев Айдар Серказынович, Семей қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Уйсумбаева Жанна Куатовна, "Отбасы Орталығы" ҚҚ директоры, №3 арнайы мектеп – интернатының қамқоршылық кеңесінің төрайымы Жибраева Жанна Жагыфаровна келді.
Мектеп-интернаттың педагогтары мен балалар ұжымы қонақтарды қуана қарсы алып, мектеп-интернаттың тарихымен таныстырды.Қонақтар Брайль әліпбиін оқыту сабақтарына қатысты, онда тифлоқұралдар арқылы мектеп-интернаттың кітап қоры көрсетілді.“Корни травы”жобасы бойынша кездесудің ресми бөлігі сатып алынған медициналық жабдықтар орналасқан көз дәрігерінің кабинетінде өтті. Мектеп директоры А.А. Калигожин және көз дәрігері С. Э. Греза мектептің басты міндеті - қалдық көру қабілетін сақтау екенін айтып, көру қабілеті терең бұзылған балаларды диагностикалау және емдеу көрсеткіштеріндегі заманауи жабдықтардың елеулі үлесін атап өтті.Содан кейін оқушылар қонақтарды тоғызқұмалақ ұлттық ойынымен таныстырып, олармен бірге бір партия ойнады. Елшінің ойынға деген қызығушылығын байқап, балалар оған тоғызқұмалақ ойынын сыйға тартты.
Мектеп бойынша экскурсия барысында қонақтар сабаққа кіріп, балалардың қонақтарды бірнеше тілде, соның ішінде жапон тілінде қарсы алғанына таң қалды. Сәндік-қолданбалы өнер көрмесінде қонақтар балалардың қазақ-жапон тақырыбындағы жұмыстарына назар аударды.Алғыс ретінде оқушылар қонақтарға естен кетпес концерттік нөмірлер дайындап, өз қолдарымен жасалған кәдесыйлар табыс етті.
Педагогикалық ұжым мен ата-аналар қоғамдастығының атынан Жапония халқына және Қазақстандағы Жапония Елшілігіне, Ямада Джунның интернат тәрбиеленушілерінің көру қабілетін емдеу және тексеру жұмыстарына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы ризашылық және алғыс білдіреміз.