WorldSkills Shygys – 2020 аймақтық чемпионатының пресс-релизі

WorldSkills Shygys – 2020 аймақтық чемпионатының пресс-релизі

Шығыс Қазақстан облысы 2016 жылдан бастап WorldSkills Shygys аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатын белсенді түрде дамытуда. Шығыс Қазақстан облысының командасы Worldskills қозғалысының жыл сайынғы ұлттық және халықаралық чемпионаттарына қатысып және соңғы екі жылда республикалық чемпионатта 1 -ші командалық орынды иеленді.

«Рухани Жағыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында,  Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы облыстың кәсіпорындарымен бірлесе отырып, Өскемен мен Семей қалаларындағы колледждердің базасындағы құзыреттілік орталықтары мен облыстың жетекші колледждерінде ағымдағы жылдың 4-8 қазан аралығында, аймақ колледждерінің, жоғары оқу орындарының 300-ден астам студенттері мен түлектерінің қатысуымен және облыс кәсіпорындарының жұмысшы жастар арасында WorldSkills Shygys - 2021 аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатын өткізу жоспарлануда.

Чемпионат келесі бағыттар бойынша өтеді: 

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • Өндірістік және инженерлік технологиялар;
  • Қызмет көрсету саласы;
  • Білім беру;
  • Медициналық сала;
  • Шығармашылық және дизайн;
  • Құрылыс индустриясы;
  • Көлік және логистика.

Бұл чемпионатта жас кәсіпқойлар өз шеберліктері мен дағдыларын, ерекше шығармашылық әлеуетін толық көрсетіп, күрделі кәсіби міндеттерді сапалы және жедел шешуге қабілетті екенін дәлелдей алады. Үш күн бойы байқауға қатысушылар өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетеді.Чемпионат қатысушыларына облыс кәсіпорындарының жетекші мамандары мен кәсіби қазылар алқасы баға береді. Атап айтсақ: «KAZ Minerals Aktogay», «ВК ТехноГрупп», «Казцинк», «Ұлттық ақпараттық технологиялар», «Өскемен өнеркәсіптік арматуралық зауыты», «Jиһаз Maker» арт студиясы, «Семей» сервистік компаниясы, «MediaPro.KZ», «KOKOS.KZ», «ӨСКЕМЕН ЖЭО», «ВИАМЕД»  және т.б. Аталған чемпионат Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Өскемен жоғары политехникалық колледжі, Электротехникалық колледжі,   Д.Калматаев  атындағы медициналық колледжі, Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі, Радиотехника және байланыс колледжі, Геологиялық барлау колледжі, Көлік колледжі, Құрылыс колледжі,  М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжі сияқты аймақтың құзыреттілік орталықтары мен облыстың жетекші колледждерінде өтеді.

Аймақтық чемпионаттың жеңімпаздары ағымдағы жылдың қараша айында Нұр Сұлтан қаласында өтетін WorldSkills Kazakhstan-2021 Ұлттық чемпионатына қатысу құқығына ие болады.

Олардың әрқайсысы-үздік кәсіпқой, өз ісінің нағыз шебері.