
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2021 жылы 16 қыркүйек күні Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның 35 тармағын - "Ұшқыр ой алаңы" мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру мақсатында онлайн форматта облыс көлемінде дебат қозғалысын дамыту бойынша құрылған Төрешілер кеңесінің отырысын өткізді.
Кеңес жұмысына қалалық, аудандық білім бөлімдерінің дебаттық қозғалысты дамытуға жауапты мамандар, білім беру ұйымдарындағы дебат клубтарының жетекшілері қатысты.
Күн тәртібінде Американдық парламенттік форматын қолданудағы негізгі ережелері мен қағидалары аталып, облыстық турнирді өткізу шараларын ұйымдастыру мәселелерін рәсімдеу бойынша құжаттарды жүргізу ережелерімен таныстырылды. Сондай-ақ, дебатшылардың сөз өнерін шыңдауды ұйымдастыру формалары талқыланып, Төрешілер кеңесінің қызметі таныстырылды.
Кеңес соңында қатысушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап беріліп, дебат қозғалысын дамыту бойынша міндеттер жүктелді.