Отбасы күніне орай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Үздік оқырман отбасы» қашықтан облыстық байқаудың қорытындысы

Отбасы күніне орай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Үздік оқырман отбасы» қашықтан облыстық байқаудың қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2021 жылдың 10 қыркүйегінде Отбасы күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Үздік оқырман отбасы» қашықтан облыстық байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқаудың бірінші кезеңі ағымдағы жылдың 18 тамызынан бастап облыс мектептерінде өтті. Облыстық байқауға қалалар мен аудандардан 32 оқырман отбасы қатысып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын бейнефильм мен таныстырылым түрінде ұсынды.

Әр шығармада жарқын және қызықты отбасылық тарихтар баяндалған. Балалар, аналар мен әкелер, аталар мен әжелер бүкіл отбасылық командалар өздерінің сүйікті кітаптарына деген құштарлықтарын ғана емес, сонымен қатар көркемдік таланттарын, актерлік шеберлік пен режиссерлік шеберліктерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен номинанттар анықталды:

1-4 сыныптар және отбасылары арасында:

I дәрежелі дипломмен - Буньков Егор, ШҚО ББ «Облыстық ІТ мектеп-лицейі» КММ 1 сынып оқушысы;

II дәрежелі дипломмен – Ернұр Айсұлтан, ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю Гагарин атындағы орта мектебі» КММ 2 сынып оқушысы;

III дәрежелі дипломмен - Берікжанова Ақнұр, ШҚО ББ Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «С. Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ 3 сынып оқушысы;

III дәрежелі дипломмен - Шкодина Милана, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №11 орта мектебі» КММ 1 сынып оқушысы;

5-7 сыныптар және отбасылары арасында:

I дәрежелі дипломмен – Қайырғазина Ақнұра, ШҚО ББ «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» КММ 7 сынып оқушысы;

II дәрежелі дипломмен – Веселовский Даниил, ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№1 мектеп-лицейі» КММ 6 сынып оқушысы;

III дәрежелі дипломмен - Молиханова Еркежан, ШҚО ББ Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ 6 сынып оқушысы марапатталды.

Комиссиямен номинациялар тағайындалды:

«Ұлттық дәстүр сабақтастығы» - Нағымбек Еркежан, ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю. Гагарин атындағы орта мектебі» КММ 7 сынып оқушысы;

«Оқырман ұжым» - Гуменюк Ксения, ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалпы білім беретін орта мектеп- бала бақша» Сугатов кешені» КММ 7 сынып оқушысы;

«Актерлік шеберлік» - Медведева Оксана, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№26 орта мектебі» КММ 6 сынып оқушысы;

«Белсенді оқырман» - Поломошнова Дарья, ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Общеобразовательная средняя школа №1 им. Н.А. Островский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ 2 сынып оқушысы;

«Өзіндік ерекше идея» - Вилков Джордж, ШҚО ББ «Математика, физика, информатика бойынша дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ 2 сынып оқушысы;

«Ойлы оқырман» - Жанатбек Әділжан, ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№16 орта мектебі» КММ 3 сынып оқушысы.

Барлық отбасылық командалар өздерінің талантын, қиялын, шеберлігі мен оқуға деген сүйіспеншілігін көрсетті. Берілген тапсырмаларды орындауда мықты отбасылық рух пен отбасылық кітап оқу дәстүрлері маңызды рөл атқарды.

Байқау жеңімпаздары мен номинанттарын құттықтаймыз және одан әрі жемісті жұмыс пен оқырман белсенділігін тілейміз!