
Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 7 тамыздағы № 3-15-3/3101-И хатына сәйкес 2021 жылғы 09 тамыздан 20 қыркүйекке дейінгі аралықта жыл сайынғы «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы өткізілуде.
Акция аясында облыста ата-аналар қоғамдастығы, мүдделі органдар, ҮЕҰ бірлесіп, қазіргі пандемия жағдайын ескере отырып, балаларды мектепке және үйге дейін қауіпсіз және жайлы жеткізуді қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша қызметін жандандыру, тасымалдауды ұйымдастыруды бақылау және т.б. іс-шаралар өткізу бойынша жергілікті полиция қызметінің қатысуымен бірқатар іс-шаралар жүргізілуде.
Жаңа оқу жылы қарсаңында күнделікті тасымалдауды жүзеге асыратын мектеп автобустары 100% техникалық бақылаудан тексерістен өткізілді. Барлық автобустарда арнайы жарықтық маяктар, дыбыс сигналдары бар.
Аталған акцияны өткізу ағымдағы жылғы 25 қыркүйекке дейін жалғасады.