Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнінің 30 жылдығына арналған «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің шығармашылық байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізу туралы АНОНС

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнінің 30 жылдығына арналған «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің шығармашылық байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізу туралы  АНОНС

2021 жылғы 8 қырқүйекте Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің шығармашылық байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізеді.

Байқаудың мақсаты - жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу.

Байқауға қосымша білім беру ұйымдарының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден 2004 - 2011 жылдары туылған 10 - 17 жас (18 жасқа дейін)  аралығындағы аудандық/қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Тәуелсіздік Қазақстан – балалар көзімен» жас суретшілердің көрмесі;

2) жас суретшілер сайысының номинациялары.

Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары байқаудың республикалық кезеңіне Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Қосымша ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады:
 Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ДҚББД ШҚ ҒӘ Дарын орталығы, немесе 8 (7232) 75-26-91 телефоны.