«2021-2022 оқу жылында облыс мектептерінде короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру» облыстық онлайн-семинары

«2021-2022 оқу жылында облыс мектептерінде короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру»  облыстық онлайн-семинары

2021 жылғы 31 тамызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» ӨО «ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ШҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» РММ-мен бірлесіп «2021-2022 оқу жылында облыс мектептерінде короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру» облыстық онлайн-семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты - 2021-2022 оқу жылында короновирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы жағдайында білім беру ұйымдарын жаңа оқу процесіне дайындау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың ережелері мен нормаларын түсіндіру.

Семинарға балабақшалардың меңгерушілері, жалпы білім беретін, түзету және облыстық мектептердің директорлары, 500-ден астам адам қатысты.

Онлайн-семинар барысында 2020-2021 оқу жылында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы жағдайында білім беру ұйымдары жұмысының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын сақтау ережелері мен нормалары туралы ақпаратпен Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбие объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Дарымбаева Бақыт Қадылбекқызы сөз сөйледі.

Бақыт Қадылбекқызы өз сөзінде білім алушылардың білім беру ұйымдары ғимараттарына кіру және шығу кезінде қажетті рұқсаттарды, педагогтер мен персоналды 100% вакцинациялау, «Ashyg» қосымшасын енгізу, бетперде режимін, «бір сынып – бір кабинет» қағидатын сақтау, яғни 1-11 сыныптар үшін білім беру ұйымдарында барлық сақтық шаралары, карантиндік және шектеу іс-шаралары кезеңінде оқу жағдайларын жасау туралы ерекше атап өтті.

Кері байланыс барысында тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілі онлайн-семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.