
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы онлайн - форматта 2021 жылдың 26-28 тамыз аралығында «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері» тақырыбында облыстық, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріңе арналған біліктілікті арттыру курсын өткізді.
Курстың мақсаты - әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Бағдарлама 7 модульді қамтыды:
-өткен оқу жылдарындағы білім беру жүйесінде туындаған проблемалар, қабылданған шаралар, нәтижелер;
-2021-2022 оқу жылының негізгі мақсаты мен өзекті міндеттері;
-биылғы оқу жылында мектеп жұмысын сапалы ұйымдастырудың жаңа жолдары. 2021-2022 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, қамтамасыз етудің негізгі нормативтік құқықтық актілері;
-2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа негіздері;
-2021-2022 оқу жылында пәндер бойынша оқу процесін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері;
-білім беру ұйымдарының түрлері бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері;
- қорытындылау.
Курс дәрістерін ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының білікті мамандары, тьюторлары жүргізді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша курсты облыстық әдістемелік орталықтарының және қалалық, аудандық әдістемелік кабинеттерінің 215 әдіскері оқыды.
Курстың соңында барлық әдіскерлер тестті сәтті тапсырды.
Модератор: Бошаева Г. М., ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы, білім беру менеджменті кабинетінің әдіскері.