Орта білім беретін үздік ұйым – 2021

Орта білім беретін үздік ұйым – 2021

«Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсы жыл сайын тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының кәсіби және тұлғалық өсуін ынталандыру мақсатында өткізіледі.

Конкурс екі кезеңде өткізілді: I кезеңде (аудандық, қалалық) 16 мектептің материалдары іріктеліп алынып, II кезеңде (облыстық) 2021 жылы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының жеңімпазы ретінде ШҚО ББ Семей қаласы бойынша ҚБ «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ анықталды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша номинацияларда  «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының келесі қатысушылары белгіленді:

 «Ғылыми менеджмент мектебі» - ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№46 орта мектебі» КММ.

«Жобалық қызметтегі үздік мектеп» - ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша ББ «№1 Белоусовка орта мектебі» КММ.

«Дәстүр және инновация мектебі» - ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша ББ «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ.

«Педагогикалық жетістік мектебі» - ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша ББ «№1 мектеп-лицейі» КММ.

«Педагог-көшбасшылар мектебі» - ШҚО ББ Бородулиха ауданы бойынша ББ «Жезкент кентінің мектеп-лицейі» КММ.

«Экологиялық-патриоттық тәрбие бойынша үздік мектеп» - ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша ББ «Өрел орта мектебі» КММ.

«Үздік ауыл мектебі» - ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша ББ «М.В.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ.

Байқау жеңімпаздарын құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!