
Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесі педагог қызметкерлерінің «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жағдайында мамандарды кәсіптік даярлау сапасын жетілдіру» атты тамыз конференциясы 2021 жыдың 25 тамызында онлайн ZOOM режимінде өтті. Конференцияға ТжКББ Департаменінің өкілдері, әлеуметтік серіктестер, колледж директорлары қатысты. Жиын барысында жұмыста қолданылатын нормативтік-құқықтық актілеріндегі өзгерістерге шолу және 2021 -2022 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі басым бағыттар айтылды.