ШҚО білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен мектеп директорларына арналған «Педагогикалық менеджменттегі білім сапасын басқару» тамыз конференциясы аясындағы облыстық секциялық отырыс

ШҚО білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен мектеп директорларына арналған «Педагогикалық менеджменттегі білім сапасын басқару» тамыз конференциясы аясындағы облыстық секциялық отырыс

2021 жылғы 25 тамызда Шығыс қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы ШҚО білім беру қызметкерлерінің «Білімді ұлт - тұрақты даму кепілі» тамыз коференциясы аясында «Педагогикалық менеджменттегі білім сапасын басқару» секциялық отырысын онлайн режимде өткізді.

Секция жұмысына әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, әдіскерлер, облыс мектептерінің директорлары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 550-ден астам адамды құрады.

Секция жұмысы барысында Балкунова Нина Петровна, ұлттық білім академиясының зертхана меңгерушісі, педагогика ғылымының кандидаты, доцент және Мукушева Алмагүл Наурызбайқызы, Ы. Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім академиясының зертхана меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, олар секция қатысушыларын «2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хатпен таныстырды.

Бейсембаев Архат Абжатович, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының басшысы «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру»;

Елемесов Бұқар Серікұлы, «NurOrda» мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі, Нұр-Сұлтан қаласы, «Мектептер мен колледждерде сабақ кестесін құруды автоматтандыру және жеңілдету»;

Курганбаева Гульмира Аманжоловна, экономика ғылымдарының кандидаты, «CEO Ұлттық Ustaz-онлайн Академиясы» директоры «Қазақстандық мектептің жаңа моделі. Z. ұрпағы білім беру жүйесіне жаңа сын-қатерлер»;

Рысқұлбекова Әсима Дәулетбекқызы, п.ғ.к. «Алматыкітап баспасы», электронды оқулықтар әзірлеу бөлімінің жетекшісі «ТорIQ цифрлық оқулықтар платформасының білім беру әлеуеті мен артықшылықтары»;

Еркінбекова Эльвира Еркінбекқызы, «IQ білім қоры» Қоғамдық қорының облыстық үйлестірушісі «IQanat - ауыл мектептеріне арналған білім беру бағдарламасы» тақырыбы бойынша таныстырылым жасады.

Аталған секция барысында:

Ахаева Наталья Васильевна, п.ғ.д., профессор, ҚПҒА академигі, МАНЭБ, РАЕ корреспондент-мүшесі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, педагог-шебер, ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ директоры «Бастауыш білім берудегі сын-тегеуріндерге инновациялық жобалар мен білім беру технологияларын енгізу арқылы 21 ғасырдың болашақ дағдылары мен құзыреттерін дамыту»;

Досканина Галия Туркистановна, ШҚО ББ Катонқарағай ауданы «Үлкен Нарын орта мектебі» КММ директоры «Ауыл мектебі білімді ұлттың тұғырнамасы және тұрақты дамуды қалыптастырудағы Жазғы мектеп жұмысының рөлі»;

Малгаждарова Жанат Зейнелловна, ШҚО ББ Семей қаласы  «№37 гимназия» КММ директоры «Нәтижеге бағдарланған оқыту-білім сапасын арттыру негізі»;

Төлегенова Гүлжан Төлегенқызы, ШҚО ББ Катонқарағай ауданы «Ластаев атындағы орта мектебі» КММ директоры «Оқытуды басқару және көшбасшылықты дамытудағы ұжымдық іс-әрекеттің маңызы»;

Кабдыкаримова Гульназ Сабыржановна, ШҚО ББ Катонқарағай ауданы «Дамитов атындағы орта мектебі» КММ директоры «Жазғы мектеп-білім олқылықтарын жою арқылы білім сапасын арттыру» тәжірибелерімен бөлісті.

Отырыс барысында спикерлер қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Модератор: Шауменова Эльмира Токановна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО менеджмент кабинетінің меңгерушісі.