
2021 жылғы 25 тамызда ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы ШҚО білім беру қызметкерлерінің «Білім және ғылым – тұрақты даму кепілі» тамыз кеңесі аясында онлайн-режимде «Заманауи білім беру сапасы: дәстүрлер, инновациялар, практика» пәндік секциясын өткізді.
Сессия барысында «2021-2022 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы әдістемелік – нұсқаулық хаттың ерекшеліктері түсіндірілді.
Пәндік секцияға «Алматыкітап» баспасының өкілдері, STEAM.KZ әзірлеушісі, «R4 Technology and Research Center» зерттеу бөлімінің басшысы, облыстың аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыстың жалпы білім беретін мектептерінің математика мұғалімдері, барлығы 200 адам қатысты.
Кожариянова Камария Жеңісқызы, «Алматыкітап» баспасының цифрлық орталығының өкілі «TopIQ цифрлық оқулықтар платформасының білім беру әлеуеті және артықшылықтары» электрондық оқулықтар платформасы;
Мұрат Бегайым Мұратқызы, STEAM.KZ әзірлеушісі «Digital Steam» мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары;
Алимжанов Дархан Аманжолович, «R4 Technology and Research Center» зерттеу бөлімінің басшысы «Сандық дағдыларды енгізудің тиімді әдістері» бойынша таныстырылым жасады.
Пәндік секция барысында «Математика» пәні бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толтыра отырып, педагогикалық практикаға білім беру технологияларын енгізетін пән мұғалімдері:
Кенжалина Айжан Сейтказиновна, Зайсан аудандық білім бөлімінің «Х. Мустафина атындағы мектеп-лицей» КММ математика пәні мұғалімі «Ықтималдықтар теориясы және комбинаторика есептері»;
Сәлімбаева Гуляим Сейтказиновна, Күршім ауданының білім беру бөлімінің «Күршім атындағы №4 орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі «Математика әлемінде логикалық есептердің тиімділігі»;
Куликова Анна Юрьевна, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№34 мектеп-лицейі» КММ математика пәні мұғалімі «Аралас оқыту жағдайында оқушылардың рефлексивті іскерлігін дамыту»;
Сыдыкова Асель Советказыевна, Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№6 Гимназия» КММ математика пәні мұғалімі «Оқушылардың олқылықтарын толтыру кезінде оқытудың инновациялық технологияларын практикалық қолдану» бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті:
Сессия барысында мұғалімдер 2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік-нұсқаулық хат негіздерімен танысты, білім қорын жаңа технологиялармен толықтырды.
Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.