Шығыс Қазақстан облысы білім беру қызметкерлерінің 2021 – 2022 жылының тамыз кеңесі шеңберінде «Физика» пәндік секциясының қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы  білім беру қызметкерлерінің 2021 – 2022 жылының тамыз кеңесі шеңберінде «Физика» пәндік секциясының қорытындысы

2021 жылғы 24 тамызда ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы ШҚО білім беру қызметкерлерінің «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тамыз кеңесі аясында онлайн-режимде «Заманауи білім беру сапасы: дәстүрлер, инновациялар, практика» пәндік секциясын өткізді.

Сессия барысында «2021-2022 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хаттың ерекшеліктері түсіндірілді.

Пәндік секцияға «Алматыкітап» баспасының өкілі Кадыркулов Роман Алауұлы, облыстың аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мамандары мен әдіскерлері, облыстың жалпы білім беретін мектептерінің физика мұғалімдері барлығы 200 адам қатысты.

Кадыркулов Роман Алауұлы, «Алматыкітап» баспасы сандық орталығының өкілі «Образовательный потенциал и преимущества платформы цифровых учебников TopIQ» электронды кітап платформалары бойынша таныстырылым жасады.

Пәндік секция барысында «Физика» пәні бойынша білімдегі  олқылықтардың орнын толтыра отырып, педагогикалық практикаға білім беру технологияларын енгізетін пән мұғалімдері инновациялық қызмет бойынша:

Болтабаева Багия Тастанбекқызы, ШҚО ББ Катонқарағай ауданының білім беру бөлімінің «Рыков атындағы орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі «Жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушы біліміндегі қолда бар жою әдістері»;

Арғынқанов Тимур Арипжанұлы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 орта мектеп» КММ физика пәні мұғалімі «Білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдар мен қағидаттар туралы білімді игерулеріне және табиғатты танудың ғылыми әдістерін түсінуіне бағытталған әдіс-тәсілдер сабақтар мен зерттеу жұмыстары»;

Нарбинова Галина Исатаевна, мектеп директоры, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№42 орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі «Аралас оқыту жағдайында физика сабағында интерактивті жұмыс әдістерін жүзеге асыру»;

Полежаева Алла Валерьевна, ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Экономикалық лицей» КММ физика пәнінің мұғалімі «Білім олқылықтарын жою үшін оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану»;

Рыспеков Равиль Муратович, ШҚО ББ Бородулиха ауданының білім беру бөлімінің «Н.Островский атындағы орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі «Физиканы оқу үдерісінде STEM жобаларды пайдалану» бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Шара соңындағы кері байланыста 2021-2022 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқаулық хатта көрсетілген ерекшеліктер мен биылғы оқу жылына қойылып отырған міндет - білімдегі олқылықтарды жою бойынша ұсыныстар айтылды.

Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.