
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылдың 24 тамызында «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» педагогикалық қызметкерлердің облыстық тамыз конференциясы аясында мектеп директорларының оқу – тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін онлайн режимінде «Жалпы білім беру ұйымдарында білім беру сапасын бағалауды бақылау тетіктері» панельдік секциясын өткізді .
Мақсаты – Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы 2021-2022 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері жобасымен таныстыру және ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдай жасау.
Секция жұмысына аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскері мен мектеп директорларының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, барлығы 200 адам қатысты.
Панельдік секция жұмысы барысында:
Лекерова Фарида Сағатжановна «Алматыкітап» баспа орталығының әдіскері «Бастауыш сыныптарға арналған базалық оқулықтардың құрылымы»;
Еркінбекова Эльвира Еркінбекқызы, «IQ білім қоры» Қоғамдық қорының облыстық үйлестірушісі «IQanat – ауыл мектептеріне арналған білім беру багдарламасы» ;
Сулейменов Акансери Жанболатович, жоба менеджері, BTS Education әзірлеушісі, Нұр-Сұлтан қаласы «Цифровые решения по профориентации в системе образования»;
Капранчик Елена Александровна, «Алматыкітап» баспасы сандық орталықтың жетекшісі, «Образовательный потенциал и возможности платформы электронных учебников ТорIQ»;
Курганбаева Гульмира Аманжоловна, кандидат педагогических наук, директор «CEO Ұлттық Ustaz-онлайн Академиясы» көшбасшы бағыты бойынша «Білім бәсекеге қабілеттілігі Университеттердің» жобасы аясында өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлер «Новая модель казахстанской школы. Поколение Z. Новые вызовы системе образования» таныстырылым жасады.
Келдибаева Бахыткуль Омархановна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» КММ мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары «Жаhандық құзыреттілік – білім, білік, көзқарас пен құндылықтар үйлесімі»;
Тоныбаева Сара Қабдолдақызы, Өскемен қаласының білім бөлімінің «№27 орта мектебі» КММ мектеп директорының орынбасары «Серіктес мектептің жұмысын тиімді үйлестірудегі жетекші мектептің рөлі»;
Елемесов Бухар Серикович , Нұрсұлтан қаласы Нұрорда мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі «Автоматизация и упрощение составления расписания в школах и колледжах»;
Фоминых Лидия Александровна, Өскемен қаласының білім бөлімінің «№10 мектеп гимназиясы» КММ мектеп директорының орынбасары «Непрерывное профессиональное развитие педагога, как новый вектор в системе образования»;
Романенко Ирина Владимировна, ШҚО білім басқармасы, облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі «Система оценки эффективности сотрудничества для развития образовательного учреждения» тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Асылханова Бейбитгул Задахановна, ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының менеджмент кабинетінің әдіскері «2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқаулық хатпен таныстырды.
Шара соңындағы кері байланыста 2021-2022 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқаулық хатта көрсетілген ерекшеліктер мен биылғы оқу жылына қойылып отырған міндет - білімдегі олқылықтарды жою бойынша ұсыныстар айтылды.
Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының менеджмент кабинетінің әдіскері Асылханова Бейбитгул Задахановна