
2021 жылғы 23 тамызда ШҚО білім басқармасы педагогикалық қызметкерлердің облыстық Тамыз конференциясы аясында онлайн режимде ШҚО ТжКББ жүйесі оқу орындары директорларының оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлеріне «Колледждердің академиялық дербестігі жағдайында оқытудың кредиттік-модульдік технологиясы» тақырыбында секция отырысын өткізді.
Секция отырысының мақсаты - колледждердің академиялық дербестігі жағдайында оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын енгізудің негізгі мәселелерін қарау.
Секция жұмысына колледж директорларының оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі 200-ден астам орынбасарлары мен әдіскерлері қатысты.
Секция барысында 2021-2022 оқу жылында ТжКББ оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру; колледждердің академиялық дербестігі жағдайында кредиттік-модульдік оқыту технологиясын енгізу, т.б. мәселелер қаралды.
Секция отырысының аясында 2020-2021 оқу жылының қорытындысы нәтижесінде педагогтерді онлайн марапаттау рәсімі өтті.
Сондай-ақ, секция отырысының тиісті ұсынымдары қабылданды.