
2021 жылғы 23 тамызда ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы ШҚО білім беру қызметкерлерінің «Білім және ғылым – тұрақты даму кепілі» тамыз кеңесі аясында «Дәстүрлі және қашықтан оқыту: информатика сабақтарында білім беру технологияларын жүзеге асырудың жаңа моделін таңдау» пәндік секциясын өткізді.
Сессия барысында «2021-2022 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хаттың ерекшеліктері түсіндірілді.
Пәндік секцияға «Алматы Кітап» баспасының және «R4 технологиялық және ғылыми-зерттеу орталығы» өкілдері, облыстың аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыстың жалпы білім беретін мектептерінің информатика пәнінің мұғалімдері, барлығы 200 адам қатысты.
Секция жұмысы шеңберінде:
Ермұхамбетова Меруерт Ахметжанқызы, «Алматы Кітап» баспасы сандық орталығының өкілі, 1 сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқулығы бойынша;
Тәжиханов Мардонжон Азаматұлы, IoT Board «R4 Technology and Research Center» әзірлеу бөлімінің басшысы «Робототехниканы оқытуды қалай жеңілдетуге болады» таныстырылымын жүргізді.
Пәндік секция барысында «Информатика» пәні бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толтыра отырып, педагогикалық практикаға білім беру технологияларын енгізетін пән мұғалімдері инновациялық қызмет бойынша:
Исабаев Рауан Манарбекұлы, ШҚО ББ Аягөз ауданының білім беру бөлімінің «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ информатика пәні мұғалімі «Информатика пәніндегі қашықтан оқыту»;
Жумагулова Айнур Ришатовна, ШҚО ББ Аягөз ауданының білім беру бөлімінің «№4 орта мектебі» ММ информатика пәні мұғалімі «Информатика пәнін оқытуда дәстүрлі және қашықтықтан оқытудың сабақтастығы»;
Макиенко Оксана Владимировна, «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары «Информатика сабақтарында аралас оқыту технологиясын қолдану»;
Карандашова Юлия Александровна, ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№40 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ информатика мұғалімі, Дядова Наталия Леонидовна, «№ 34 жалпы білім беретін Б.Момышұлы орта мектебі» КММ информатика пәні мұғалімі «5 және 6 сыныптардың информатика бөлімдерінің сабақтастығын іске асыру кезінде оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру» жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңындағы кері байланыста 2021-2022 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқаулық хатта көрсетілген ерекшеліктер мен биылғы оқу жылына қойылып отырған міндет - білімдегі олқылықтарды жою бойынша ұсыныстар айтылды.
Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.